Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері екі танкке қарсы минаны залалсыздандырды

Ақмола полицейлері екі танкке қарсы минаны залалсыздандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмолалық полицейлер “Құқықтық тәртіп” ЖАІШ жүргізу барысында екі танкке қарсы минаны залалсыздандырды.

Ағымдағы жылдың 19 шілдеде Біржан сал ауданының аумағында сыртқы түрі жауынгерлік нысанға ұқсас цилиндр пішінді екі металл зат табылды. Оқиға орнына бірден Біржан сал аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы мен Ақмола облысы ПД оқу-жаттығу взводының қызметкерлері шықты. Аумақ қоршауға алынды.

Оқиға орнын тексеру барысында мамандар еріген су жиналатын жерден табылған цилиндр пішінді екі металл зат “у-ОЗМ-72” маркалы сынықты бөгегіш миналар болып табылатынын анықтады.

Миналардың жалпы жағдайы өте тозған, коррозияға және механикалық зақымға ұшыраған. Бұл заттар сол жерде залалсыздандырылды. Бұрын заттар табылған жерге жақын жерде “Юбилейная” шахтасына тиесілі жарылғыш заттардың шығыс қоймасы орналасқаны белгілі болды. 1990 жылы шахта жабылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру