Жамбыл облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Жамбыл облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп абарлайды Polisia.kz.
Талас ауданының полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде автокөлікті мас күйінде басқару фактісін анықтады.
Полиция қызметкерлері Қаратау қаласындағы көшелердің бірінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 32 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВМW 520 автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарды тексеру кезінде патрульдік полиция батальонының инспекторлары бұзушының мас болу белгілерін байқап, оны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес, ер адамның «жеңіл» дәрежедегі мас күйде болғаны расталды.
Сонымен қатар, жүргізуші 2021 жылдың мамыр айында сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.