Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Жамбыл облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен Қордай ауылы көшелерінің бірінде жолда жүру ережесін бұзған 26 жастағы жүргізушінің басқаруындағы ВАЗ 21140 көлігі тоқтатылды.

Құжаттарын тексеру барысында оның ішімдік ішкендігі байқалды. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жүргізушінің “орташа” дәрежелі масаң күйде болғаны анықталды.

Жүргізушінің бұрын дәл осындай масаң күйде көлік басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру