Жамбыл облысында малшыға күш қолданып, 4 қойды алып кеткендер анықталды
Жамбыл облысында малшыға күш қолданып, төрт қойды алып кеткен үш жігіт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Жуалы аудандық полиция бөліміне 30 жастағы Қарабастау ауылының тұрғыны xабарласып, ауыл маңындағы жайылымда 61 жастағы малшыға белгісіз үш адамның күш қолданып, төрт бас қойды алып кеткені туралы арыз жазған.
Жәбірленушіге жалпы құны 240 000 теңге шамасында материалдық шығын келтірілген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 19-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен 20-22 жас аралығындағы күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар өз кінәларын мойындады.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.