Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жоғалған 13 жастағы баланы тапты

Шымкенттік полицейлер жоғалған 13 жастағы баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 22 шілде ҚаратауАПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған.  Ол өз арызында 13 жастағы ұлы сағат 11:00-де үйінен ойнауға шығып, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін көрсеткен.

Жоғалған баланы табу үшін Шымкент қаласы Қаратау аудандық Полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары көпшілік орындарды, аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған бала туралы сұрастырды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қаратау АПБ қызметкерлері баланы кешкі сағат 21:00-де Сайрам шағынауданы аумағынан аман-есен тауып, ата-анасына табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру