Жамбыл облысында полицейлер жазғы лагерьлерде профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр
Жамбыл облысында полицейлер жазғы лагерьлерде профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазғы демалыстың басталуымен тәртіп сақшылары жазғы сауықтыру лагерьлерінде балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды ерекше бақылауға алды.
Жамбыл облысының 5 ауданы – Жуалы, Жамбыл, Меркі және Таласта 7 лагерь жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта осы лагерьлерде 1095 кәмелетке толмағандар демалуда. Лагерьде маусым аяқталғанға дейін аптасына екі рет кезекшілікті жүзеге асыратын ювеналды полиция қызметкерлерінің профилактикалық іс-шаралар кестесі әзірленді.
Аталған іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандарға қауіпсіз демалыс бойынша сақтық шаралары, сондай-ақ ҚР заңнамасын бұзудың салдары түсіндіріледі.
Сондай-ақ балаларды қала сыртындағы лагерьлерге тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері балаларды тасымалдайтын автобустарды патрульдік полицияның арнайы автокөліктерімен міндетті түрде алып жүруді жүзеге асырады.