Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында қараусыз мал 21 жол-көлік оқиғасына себеп болды

Жамбыл облысында қараусыз жүрген мал 21 жол-көлік оқиғасына себеп болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция қызметкерлерімен жол бойында, жайылымдарда малдардың егесiз жүруiне қатысты рейдтiк iс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.

Қыс мезгілi келсе де төрт түлік малдың қараусыз жүруiне шектеу қойылмай отыр. Малдардың иесiз, бос жүруi түрлі қайғылы жағдайларға себеп болуда.

– Мал иелері өз мүлкіне немқұрайлы қарау ұрлыққа әкелуі мүмкін екенін түсінуі керек. Ұрылар далада қараусыз қалған малды оңай айдап әкетуі мүмкін. Бұдан басқа, қараусыз малдың жол-көлік оқиғаларының себеп болу ықтималдығы жоғары, – дейді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Ержан Мананбаев.

Осы жылдың 11 айы бойынша жүргізiлген талдау нәтижесіне сәйкес үй жануарларымен соқтығысқан 21 жол-көлік оқиғасы тiркелген. Соның салдарынан 8 адам қаза тауып, 30 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Малдарын бақылаусыз қалдырған 2221 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жамбыл облысы полиция департаменті азаматтарға малды қараусыз қалдырмауды, әсіресе автомобиль жолдарына жақын аумақтарда оларды малшылардың бағуын ұйымдастыру мәселесіне көңіл бөлуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру