Жамбыл облысында ҚАЖ қызметкерлері саптық тексерістен өтті
Жамбыл облысында ҚАЖ қызметкерлері саптық тексерістен өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі бастығының талабына сәйкес, №26 түзеу мекемесінде жеке құрамның 35 қызметкері толықтай саптық тексерістен өткізілді.
Саптық тексеріс барысында ҚАЖ қызметкерлерінің сыртқы келбеті жинақы, таза әрі ұқыпты және нысандық киім үлгісінің талапқа сай болуына баса назар аударылды.
Сондай-ақ қызметтік куәліктерінің жарамдылық мерзімі, лауазымы мен арнайы атағының сай болуы мұқият тексерілді. Ал, анықталған елеусіз кемшіліктерді жою бойынша тиісті тапсырма берілді.