Жамбыл облысында түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды лақтырған азамат ұсталды
Жамбыл облысында түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды лақтырған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ерекше режимдегі Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінің қоршауынан тыйым салынған затты лақтырып, ізін суытпақ болған азамат мекеменің жедел бөлім қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қолға түсті.
Ұсталған С. есімді азамат мекеме аумағына жапсырмамен қапталған 2 дана бөтелке лақтырғаны белгілі болды. Күдіктінің заңсыз «сәлемдемесінен» 4 дана сенсорлы телефон, 2 дана бастырмалы телефон, 5 дана «Алтел» ұялы байланыс SIM картасы, 2 дана USB шнур, 1 дана қуаттағыш, 4 дана құлаққап пен 1 микро флэшка тәркіленді.
Аталған дерек бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.