Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жыл басынан бері 400-ден астам пәтер қорғауға алынды

Жамбыл облысында жыл басынан бері 400-ден астам пәтер қорғауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының аумағында бүгінгі күні күзет қызметінің 198 субъектісі, жеке күзет ұйымының басшысы және күзетшісі лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру бойынша төрт мамандандырылған оқу орталығы тіркелген. 144 жеке күзет ұйымдарында 4228 күзетші, 17 орталықтандырылған бақылау пульті жұмыс істейді.

– Жамбыл облысы бойынша жеке күзет ұйымдарымен 7 736 нысан, оның ішінде 761 шаруашылық нысаны, 715 пәтер күзетілсе, 3 904 шаруашылық нысаны (ломбардтар, айырбастау пункттері, дүкендер, қоймалар және т.б.) орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған және тағы 2 356 пәтер күзетіледі, – деді Жамбыл облысының ПД КҚБ бастығы Нұржан Ахмедов.

Жыл басынан бері барлығы 408 пәтер күзетке алынса, оның ішінде орталықтандырылған бақылау пультіне 291 пәтер қосылып, 117 пәтер физикалық күзетке алынды. 11 күзет ұйымына күзет қызметімен айналысуға мемлекеттік лицензия берілді.

Пәтерде немесе үйде орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған күзет дабылын орнату оларды шектеусіз мерзімге күзетке тапсыруға және қаскүнемдердің кіруінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру