Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖД басшылығы түзеу мекемесінде қызмет мерзімін аяқтаған сарбаздарды марапаттады

Ақтөбеде ҚАЖД басшылығы түзеу мекемесінде қызмет мерзімін аяқтаған сарбаздарды марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы түзеу мекемесінде қарауыл күзетін абыроймен атқарып, әскери қызмет мерзімін аяқтаған өңірдегі Ұлттық Ұлан №6655 1-атқыштар ротасының сарбаздарын алғыс хаттармен марапаттады.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/2 мекемесіне әскери борышын орындау кезінде Ұлттық Ұлан №6655 әскери бөлімінің 1-атқыштар ротасынан қарауыл күзетіне 55 сарбаз түскен болатын.

– Түзеу мекемесіндегі тыныштықты сақтауда қарауыл күзетінде қалтқысыз қызмет атқарған қырағы жауынгерлер, яғни Сіздердің еңбектеріңіз зор. Сіздер өздеріңіздің өмірлеріңізге төнген қауіпті ойламай, түзеу мекемесіндегі тұрақтылықты сақтау жолында міндеттеріңізді адал атқарып, жақсы нәтиже көрсете білдіңіздер. Осындай қиын да, жауапты қызметті үлкен жауапкершілікпен атқарған Сіздердің алдағы күндері Отан алдындағы серттеріңізге адал болатындарыңызға сенемін, – деген Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Дулат Жумагелдин, сарбаздарды ҚАЖ департаментінің бастығы А. Шамишевтің атынан алғыс хаттармен марапаттады.

Бұдан кейін КА-168/2 мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қанат Мақатов, мекеме бастығының атынан 1-атқыштар ротасының сарбаздарына алғыс хаттар табыстады.

– Түзеу мекемесіне қарауылға түсер кезде, бізді командирлеріміз психологиялық және жауынгерлік тұрғыда дайындайды. Өз басым, әскерде түзеу мекемесінде қарауыл қызметіне түскеніме өкінбеймін. Себебі, мен бұл қызметте жауапкершілікті, батылдықты, адалдықты үйрендім. Тәртіп сақтап, уақыттың қадірін түсіндік, – дейді 1-атқыштар ротасының сарбазы Мұстафа Исмаил.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру