Жамбыл облысының ПД басшы құрамы ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасымен кездесті
Жамбыл облысының ПД басшы құрамы ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 13 мамырда Жамбыл облысының ПД-не қоғамдық мониторинг аясында ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері Марат Қоғамов келді.Жұмыс сапары барысында Марат Қоғамов Жамбыл облысының ПД басшы құрамымен кездесті. Кездесуде ІІО қызметін жаңғырту, құқық қорғау органдары мен сот жүйесін реформалау, ІІО қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, сондай-ақ жаңа заң жобалары талқыланды. Сондай-ақ өкілеттіктерді бөле отырып, қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу мәселелері талқыланды.
Марат Қоғамов кездесуге қатысушыларды ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
– Соңғы жылдары мемлекет құқық қорғау органдарының ашықтығы мен жариялылығына үлкен мән беруде. Сондықтан бүгінде қоғамдық кеңестер ІІО-ның ұйымдастырылуы мен қызметін жақсартудың, оның жеке құрамын моральдық және өзге де қолдаудың маңызды қосымша факторы ретінде қабылданады, – деді ол.
Марат Қоғамов атап өткендей, азаматтардың полицейлерге деген сенімі олардың жұмыс нәтижелерінен, міндеттерін тиісінше орындаудан, азаматтардың өтініштеріне уақтылы және сапалы жауап беруден қалыптасады. Сондықтан ПД барлық бөлімшелерінің басшылары азаматтардың өтініштерін жеке қарап, олардың объективті шешілуін қамтамасыз етуі маңызды.
Кездесу соңында Марат Қоғамов Жамбыл облысының ПД Музейінде болып, Тараз қаласының ПБ жедел басқару орталығының жұмысымен, онда жүргізілген техникалық жаңғыртулармен. танысты.
2021 жылғы 14 мамырда Қоғамдық кеңес төрағасы ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс тобының отырысына қатысты. Осы отырыста ол Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы мен жұмыс тобы мүшелерінің назарына практиктердің құқық қорғау жүйесі мен қылмысқа қарсы іс-қимылдың жекелеген бағыттары бойынша жұмысына қатысу туралы ұсыныстарын жеткізді.