Жамбыл облысының ПД бастығы тұрғындарға үндеу жасады
Жамбыл облысының ПД бастығы тұрғындарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин жамбылдықтарды азаматтық көзқарастарын белсенді түрде білдіруге шақырды.
– Қызметтік міндетпен киелі Әулиеата жеріне қайта оралғаныма қуаныштымын. Өз уақытысында үш жылға жуық Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары болып қызмет атқардым. Облыс тұрғындарының игілігіне қайта қызмет жасау мен үшін үлкен мәртебе және зор жауапкершілікті жүктейді. Бұл ретте, құрметті жамбылдықтар, сіздердің қолдауларыңыз бен белсенді көзқарастарыңыз құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде маңызды рөл атқарады, – деді Жамбыл облысы бойынша ПД бастығы Арманбек Баймурзин.
Бүгінде Полиция департаменті жеке құрамының алдына қылмыстың алдын алу және жолын кесу бойынша үлкен міндеттер қойылған және оларды орындау үшін барлық күш-жігерін салатынын айтты. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Полиция департаменті халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті.
– Бірде-бір өтініш менің назарымнан тыс қалмайды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің қызметін жақсарту бойынша өз өтініштеріңіз бен ұсыныстарыңызды менің жеке аккаунттыма жолдасаңыздар немесе жеке қабылдауыма жазылсаңыздар болады. Алдағы жұмыста олардың барлығы ескерілетін болады, – деп хабарлады А. Баймурзин.