Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында балалардың қатысуымен 10 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Жамбыл облысында балалардың қатысуымен 10 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 ақпаннан бастап Жамбыл облысының аумағында 10 күндік “Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі” республикалық алдын алу іс-шарасы басталды.

Ювеналды полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына Жол қозғалысы ережелері бойынша бірқатар сабақтар өткізді. Балалар ойын түрінде тәртіп сақшыларынан ақпарат алды, сондай-ақ қызықтыратын сұрақтар қойды.

Аталған іс-шараны  патрульдік, ювеналды  полиция қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің инспекторлары тұрақты түрде жүргізеді.

ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпараты бойынша жыл басынан бері Жамбыл облысында 10 жол-көлік оқиғасы балалардың қатысуымен орын алған, салдарынан 19 кәмелетке толмаған жасөспірім зардап шеккен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру