Жамбыл облысының ПД-да бірінші тоқсанның қорытындысы шығарылды
Жамбыл облысының ПД-да бірінші тоқсанның қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин жеке құраммен жедел кеңес өткізіп, онда ағымдағы жылғы бірінші тоқсан қорытындылары мен негізгі міндеттер талқыланды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
Үш ай ішінде тіркелген құқық бұзушылықтар мен қылмыстар санының 8,4 пайызға төмендеуіне қол жеткізілді.
Жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 22,2 пайызға, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар 21,1 пайызға және интернет-алаяқтық деректері 50 пайызға азайды.
Барлығы 163 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде есірткі заттарын сақтаудың 20 дерегі және 35 өткізу фактілері.
Заңсыз айналымнан 171 келі 348 грамм түрлі есірткі құралдары тәркіленді.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Барлығы 265 жол-көлік оқиғалары тіркелген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,6 пайызға жоғары.
ПД бастығы апаттардың санын азайту үшін бүгінде жол қозғалысын бақылау процесін автоматтандыру бойынша іс-шаралар кешені жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Жалпы облыста жедел жағдай тұрақты.
Кеңес барысында кейбір басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына жіберілген бұзушылықтар үшін ескертулер берілді. Барлық кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтіп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында полиция жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі қойған міндеттер жеткізілді.
Арманбек Хакимбекұлы отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың 33,3%-ға артқаны алаңдататынын айтты. Осыған байланысты ол қолайсыз отбасыларға ерекше назар аудару үшін учаскелік инспекторлардың жұмыс кестесін, жүктемесін қайта қарауды тапсырды. Олардың сеніп тапсырылған учаскелерді аралауына, алдын-алу жұмыстарын жүргізулеріне көбірек уақыттары болуы керек.
Сондай-ақ, ел Президенті 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Кеңесте ПД бастығы ішкі істер органдары есебінде тұрған балалардың «Динамо» спорт кешеніндегі тегін үйірмелер мен секцияларға қатысуы үшін барлық жағдай жасауды тапсырды.
– Бүгінде біз жаңа Қазақстанның құрылысын бастадық. Біздің алдымызда Мемлекет басшысы мен ҚР Ішкі істер министрі белгілеген ауқымды міндеттер тұр, мен бұл бағыттағы жұмыстың бірлескен күш-жігермен жалғасатынына сенімдімін, – деп қорытындылады А. Баймурзин.