Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер балаларға арнап экскурсия ұйымдастырды

Ақмолалық полицейлер балаларға арнап экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 сәуірде “Мен және менің полицейім” республикалық акциясында Ақмола облысының тәртіп сақшылары Сандықтау ауылы Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығының 47 тәрбиеленушісіне арнап кезекті экскурсия күнін ұйымдастырды.

Полиция департаментінің мұражайында балаларды Ақмола облысы ішкі істер органдарының тарихымен таныстырды. Көкшетау қалалық ПБ Жедел басқару орталығында бейнебақылау камераларының көмегімен балалар бүкіл қаланы көре алды. Болып жатқан оқиғаларға құмар оқушылар монитор экрандарын мұқият қадағалады.

Одан әрі орталықтың тәрбиеленушілері ҚР ІІМ ҰҰ-5510 әскери бөліміне барды, ол жерде балаларға әскери техника, бөлімнің атыс қаруының үлгілері, қызметтік міндеттерді орындау кезінде пайдаланылатын арнайы құралдар және әскери киім көрсетілді. Дала асханасынан дәм тартты.

Саяхат Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында экскурсиямен жалғасты, балалардың назарына өлкенің ежелгі және қазіргі тарихының бай экспозициясы, Ботай мәдениетінің куәліктері, этнография мен тұрмыс заттары ұсынылды.

Мерекелік көңіл-күй “Достар” мәдениет сарайында мультипликациялық фильмді көрумен аяқталды. Көптеген балалар үшін саяхат пен экскурсиялар жаңашылдық, керемет іс-шара болды және жағымды эмоциялар сыйлады.

“Мен және менің полицейім” акциясы 11 сәуірден басталды және небәрі бес күнге созылады, бірақ осы уақыт ішінде полицейлер облыс бойынша оқушылармен кездесулер ұйымдастырды. Онда балаларға олардың құқықтары мен міндеттері, бейтаныс адамдармен өзін қалай ұстау керектігін, қоғамдық орындарда және жолда жүріс-тұрыс ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімдері мен басқармаларында оқушылар үшін спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Ақмола полицейлері алдағы уақытта да өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға белсенді түрде көмек көрсетуге, балалардың бос уақыттарында мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыруға ниетті.

Бүгінгі күні облыста ІІО-да есепте тұрған 325 кәмелетке толмаған баланың, сондай-ақ қолайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 813 баланың үстінен профилактикалық бақылау жүзеге асырылуда

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру