Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Қазақстан полициясына 30 жыл

Екібастұз полицейлері бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

Екібастұз полицейлері бос орындар жәрмеңкесіне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұзда жұмыс іздеушілер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті, оған Екібастұз қаласы ПБ полицейлері қатысты.

Жүгінген 15 адамның алтауы жұмысқа шақыру алды. Кадр қызметінің мамандары ішкі істер органдарындағы мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқандарға кеңес берді.

– Штаттың жасақталуы, мемлекеттік қызметшілердің білім бейінінің сәйкестігі – Кадр саясаты басқармасының негізгі қызметі, ал кадрлардың ауысуы — персоналды басқаруды бағалау критерийлерінің бірі. Сондықтан бос лауазымдарға орналасу мәселесі ерекше бақылауда. Кадрларды іріктеу – біздің алдымызда тұрған маңызды міндет. Жастарды полициядағы Мемлекеттік қызметке тарту үшін біз қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттерін бос орындар жәрмеңкесі туралы хабардар еттік. 35 жасқа дейінгі, жоғары заңгерлік білімі бар, өзінің жеке және іскерлік қасиеттері, дене дайындығы және денсаулық жағдайы бойынша ішкі істер органдары қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындауға қабілетті ҚР азаматтары қабылданады, – деп түсіндірді Екібастұз қаласы ПБ бастығының орынбасары Дәулет Ысқақов.

Полиция басқармасына тергеушілер, учаскелік инспекторлар, қызмет инспекторлары қажет. Тілек білдірушілер міндетті түрде санаттар бойынша мемлекеттік тест тапсыруы керек. Медициналық тексеруден сәтті өткен кезде, арнайы тексерулерден өткен үміткерлер ҚР ІІМ оқу орындарына алғашқы дайындыққа жіберіледі.

ІІО-ға қызметке түскісі келетін үміткерлерге Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 99, 318 кабинет мекенжайы бойынша Полиция басқармасының кадр қызметіне жүгінуге немесе 8(7187)75-05-35 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру