Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полицейлері алаяқтың айласына алданбау жолдарын айтып берді

Жамбыл облысында алаяқтық қылмысы көбейіп барады. Осыған орай полиция қызметкерлері қылмыс жасау схемасы жайлы және алаяқтың құрбаны болмау жолдарын тарқатып айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы айда “жол-көлік оқиғасына жақын туысының қатысы бар” деген сылтаумен қоңырау шалу жағдайлары жиілеп барады. Жамбыл облысының ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыс жасау схемасы және өзін алаяқтық қол сұғушылықтан қалай қорғау керектігі турасында тарқатып айтып берді.

– Әдетте алаяқ жәбірленушінің үй телефонына қоңырау шалады. Қазіргі кезеңде олар негізінен қарт адамдарды өз мақсатына пайдалануда. Қариялар өте сенгіш және жақын адамдарын құтқару үшін соңғы ақшасы мен бар бағалы затын беруге дайын тұрады, – дейді Жамбыл облысының ПД КПБ бастығы Мақсат Юсупов.

Алаяқтар топ болып жұмыс жасайды, біреуі өзін ұлы, қызы немесе немересі ретінде таныстырып, жол-көлік апатына кінәлі болғанын айтады және одан әрі ақшамен көмектесуді сұрайды. Осы уақытта әңгімеге өзін құқық қорғау органының қызметкері болып таныстырған және мәселені “шешу” үшін ақша талап ететін басқа алаяқ қосылады. Осындай психологиялық тексеруден және жәбірленушілердің оларға ақша беруге келісім бергенінен кейін ақша алу үшін курьерлер жіберіледі. Олар бұл делдалдарды Telegram мессенджері арқылы, “Жұмыс іздеймін” қосымшасынан табады немесе жеткізу қызметтері арқылы тапсырыс береді.

– Телефон арқылы ақша сұрау талабы бойынша азаматтарды ақша бермеуге немесе аудармауға және алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге шақырамыз. Егер сіз туыс адамыңыздың қиын жағдайға тап болғаны туралы хабар алсаңыз, жақын адамыңызға немесе оның айналасындағы біреуге қайта қоңырау шалыңыз және сіздің көмегіңізге шынымен мұқтаж екендігіне көз жеткізіңіз, – деп сөзін толықтырды ведомство өкілі.

Жамбыл облысының полиция департаменті қырағы және сақ болуға шақырады. Егер сіз алаяқтық қылмысының куәгері немесе құрбаны болсаңыз, бұл туралы кідіртпей, полицияның “102” тетігіне хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру