Жамбыл облысының полицейлері қар құрсауынан 500-ден астам көлікті шығарды
Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңірде тұрғындарды табиғи апаттардан қорғау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Барлығы 400-ге жуық ПД қызметкерлері жұмылдырылды. Облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторлары қалың қар құрсауынан 500-ден астам автокөлікті шығарды.
Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына және айналаның көрінуінің нашарлануына байланысты Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолдарында 160-шақырымнан 239- шақырымына дейін, сондай-ақ Тараз – Шымкент учаскесінде 534-шақырымнан 593- шақырымына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жолдары жабық.
Полиция қызметкерлері тәулік бойы республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды патрульдеуді жүзеге асыруда. Сондай-ақ апаттық-құтқару жұмыстарына қатысып, қалпына келтіру-тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Учаскелік полиция инспекторлары өздерінің әкімшілік аумақтарын аралап, тұрғындарға жол сапарына шықпауға, үйде отыруға және көліктерін қауіпсіз жерге қою қажеттігін ескертеді. Полиция қызметкерлері құлаған ағаштарды, қауіпті электр сымдарды, үйлердің құлаған шатырларын жинастырып, қалпына келтіру жұмыстарына белсенді атсалысып жатыр.