Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері жүкті әйелді перзентханаға уақытылы жеткізді

Елорда полицейлері жүкті әйелді перзентханаға уақытылы жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны Facebook әлеуметтік желісінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне отбасына көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірген.

3 қаңтарда түнгі сағат 02.00 шамасында патрульдік полиция полкінің инспекторлары Қуаныш Ізбасар мен Исаин Қоғабаев Достық көшесінде Тұранға қарай патрульдеу кезінде оларға ер адам жүгіріп келіп, көлікте оның жұбайы толғатып жатқанын хабарлаған. Әйелін уақытында жеткізуге үлгермеймін деп қорыққан ер адам тәртіп сақшыларынан көлікті перзентханаға дейін жеткізуді өтінген.

– Кез келген кідіріс ана мен болашақ сәбидің денсаулығына қауіп төндіретінін түсініп, біз әйелді қызметтік көліктің артқы орындығына мұқият отырғыздық. Арнайы жарық пен дыбыстық сигналдарды қолдана отырып, жүкті әйелді жақын маңдағы елордалық ауруханаға жеткізіп үлгердік”, – дейді полиция қызметкері.

Белгілі болғандай, бұл Қуаныш Ізбасардың жүкті әйелдерді ауруханаға жеткізуге көмектескені бірінші рет емес. Өткен жылдың жазында Айтматов көшесінде патрульдеу кезінде полиция қызметкеріне ер адам жүгіріп келіп, оның көлігінде әйелдің толғатып жатқанын айтқан. Ол әйелді перзентханаға аман-есен жеткізіп, оны дәрігерлердің қолына тапсырған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру