Жамбыл облысының полицейлері тауарлық несие рәсімдеген алаяқты анықтады
Жамбыл облысының полицейлері тауарлық несие рәсімдеген алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қазанда Байзақ ауданы полиция бөліміне осы ауданның 20 жастағы тұрғыны хабарласып, танысының оның сеніміне кіріп, банктен 460 мың теңге көлемінде атына тауарлық несие рәсімдеп, төлеуден қашып жүргені туралы арызданған.
Аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар 22 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау,сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.