Жамбыл облысының тұрғыны есірткі орамасын дайындау барысында ұсталды
Жамбыл облысының тұрғыны есірткі орамасын дайындау барысында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз сақтады деген күдікпен Байзақ ауданының 35 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдікті Байзақ ауданының құмға жақын маңдағы аумағында кептірілген марихуананың орамасын дайындау барысында ұсталды. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 3 келіден асады.
Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдіктіге қатысты 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.