Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл полицейлері 88 жастағы тұрғынға ұрланған заттарын тауып берді

Жамбыл полицейлері 88 жастағы тұрғыннан ұрланған ақша, коллекциялық монеталар мен баянды тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қалалық Полиция басқармасына 88 жастағы тұрғын арызданған. Ол арызында сағат 20.00- 23.00 шамасында өзі болмаған кезінде үйінен коллекциялық монеталарды, баян музыкалық аспабын және көптеген жылдар бойы жинаған 647 мың теңге ақшасының ұрланғанын айтқан. Ол әсіресе монеталар мен баянды табуды сұрады, өйткені аспапта ойнау оның бос уақытындағы сүйікті ісі екен. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 51 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол қарт кісінің ұлының досы болып шықты.

Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Барлық заттай дәлелдемелер алынып, сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру