Жамбыл полицейлері Алматы қаласында ер адамды тонаған күдіктіні ұстады
Жамбыл полицейлері Алматы қаласында ер адамды тонаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл полицейлеріне Түрксіб ауылының 60 жастағы әйел тұрғыны жүгінді. Өз шағымында 42 жастағы ер адам үй сатып аламын деген сылтаумен оны Ақбұлым ауылының егістік жерінде алдағанын көрсеткен.
Үй иесімен жалғыз қалған ер адам күш қолданатынын айтып, әйелден құны 612 мың теңге болатын алтын бұйымдарды қорқытып алған.
Аталған дерекке қатысты 191-баптың 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жамбыл облысының полицейлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы қаласында Ақбұлым ауылының тұрғыны болып келетін күдікті ұсталды.
Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Алтын бұйымдар иесіне қайтарылды.