Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған жол талғамайтын, қымбат көлік иесіне қайтарылды

Жамбылдық полицейлер жол талғамайтын ұрланған қымбат көлікті иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында таңғы сағат 04:30-да Жамбыл облысының ПД полицейлері республикалық маңызы бар “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автожолының 345-шақырымында Меркі ауданының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы “Land Rover Range Rover” маркалы автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізушінің басқаруындағы автокөліктің құжаттары болмағаны анықталды. Бағдарлар ақпараты көліктің Алматы қаласында айдап әкету есебінде тұрғанын көрсетті.

Аталған дерек Әуезов ауданында ұрлық оқиғасы бойынша тіркелген, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсталған азамат пен автокөлік тіркелу аумағы бойынша Алматы қаласына жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру