Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының ПД бастығы азаматтарға онлайн режимінде қабылдау өткізді

Ішкі істер министрлігінің азаматтарды бірыңғай қабылдау күні аясында 26 қарашада Жамбыл облысының ПД бастығы Жанат Сүлейменов азаматтарға онлайн режимінде қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты – халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, өзекті мәселелерді шешу, сондай-ақ азаматтардың полицияға сенім деңгейін арттыру болып табылады.

ПД басшылығы қабылдауға жазылған барлық азаматтарды қабылдады.

Өтініш білдіргендердің негізгі мәселелері мал ұрлығын ашумен, мұрагерлікпен байланысты құжаттарды қолдан жасау туралы іс бойынша талқылаумен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспеумен байланысты болды.

Барлық өтініштер бойынша қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Қосымша тексеруді қажет ететін шағымдарды Жанат Сүлейменов жеке бақылауына алды. Материалдарды зерделеу аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданып, нәтижелері туралы өтініш берушілерге қосымша хабарланатын болады.

Жыл басынан бері облыс ПД басшылығымен 157 азамат қабылданды, оның ішінде ПД бастығымен – 95 адам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру