Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізбек болғандар ұсталды

Жамбыл облысында түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізбек болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 25 қараша сағат 23.00-де Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында сотталғандар ұсталатын мекемеге іргелес аумақта “BMW” маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Автосалонды тексеру барысында жолаушылар орындығының астынан Тараз қаласының тұрғыны, 33 жастағы жолаушыға тиесілі өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі (Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 26 қарашасында сағат 06:50 шамасында қызметкерлермен сотталғандарға арналған түзеу мекемесінің негізгі қоршауы арқылы ішінде өсімдік тектес заты бар, скотчпен оралған бір целлофан түйіншегін лақтырған облыс орталығының 41 жастағы тұрғыны ұсталды.

Сондай-ақ ішінде күдікті болған “Volkswagen Passat” маркалы автокөліктің 50 жастағы жүргізушісі де ұсталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті түзеу мекемелерінің аумағында тыйым салынған заттарды беру деректеріне жол бермеу бойынша шараларды күшейтуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру