Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл полицейлері бiр тәулікте 50-ден астам жол ережесін бұзушыны анықтады

Жамбыл полицейлері бiр тәулікте 50-ден астам жол ережесін бұзушыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаттарының алдын алу және жол қозғалысын қадағалау тиімділігін күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 11-13 ақпан аралығында Шу ауданының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Iс-шара аясында полицейлер жол қозғалысын қадағалауды күшейттi.

Негізгі міндет – жол қозғалысы ережелерін, әсіресе жылдамдық режимін бұзудың және қарсы қозғалыс жолағына шығудың алдын алу болып табылады. Сондай-ақ, қала сыртындағы трассаларда жүк техникасы мен қалааралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлікке ерекше назар аударылады.

Іс-шараның бірінші күні ғана Шу ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 56 дерегiн анықтады.

Мас күйінде болған 3 жүргізуші ұсталды. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама жасалды, баптың санкциясы 15 тәулікке қамауға алуды және көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыруды көздейді.

Бір тәулік ішінде мамандандырылған автотұрақтарға 6 бірлік көлік қойылып, оларды пайдалануға тыйым салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру