Жамбыл полицейлері құрылыс материалдарын ұрлаған ер адамды ұстады
Жамбыл полицейлері құрылыс материалдарын ұрлаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл полицейлері 480 000 теңгеге құрылысы аяқталмаған жерден құрылыс материалдарын ұрлағаны үшін облыс орталығының 34 жастағы тұрғынын ұстады.
9 шілдеде Тараз қалалық ПБ-ға 42 жастағы тұрғыны белгісіз адамдар күндізгі уақытта күзеті жоқ салынып жатқан үйден құрылыс материалдарын жасырын ұрлап кеткені туралы арыз жазған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Тараз қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, заттай дәлелдемелер алынып, иесіне қайтарылды.