Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Наурызбай ауданының полицейлері көп балалы отбасына көмектесті

Наурызбай ауданының полицейлері көп балалы отбасына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер қиын жағдайларда да өздерінің қамқорлықтағыларын қалдырмайды. Егер нақты көмек қажет болса, олар қол ұшын беруге тырысады. Кәмелетке толмаған жеті баласы бар отбасы көптен бері теледидар туралы армандаған. Бірақ отағасының оны сатып алуға мүмкіндігі болмады.

– Жыл сайын Алматы Полиция департаментінің басшылығы “Қазақстан полициясы” күніне орай ПД-нің жеке құрамы арасында жарыстар өткізеді. Биылғы жылы да ерекшелік болған жоқ. Біздің бөлімнің қызметкерлері командалық екінші орынды иеленді. Сыйлық ретінде теледидар табысталды, бірақ қызметкерлер бірауыздан оны ауданымызда жалдамалы пәтерде тұратын көп балалы отбасына сыйлағылары келетіндіктерін білдірді. Бұл тек мұқтаж жандарға көмек қана емес, сондай-ақ өзара көмек пен жанашырлық рухында жастарға білім беру, – деді Наурызбай АПБ-ның бастығы Дидар Аханов.

Отбасы өз кезегінде көмекшілеріне ерекше ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру