Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда «Автобус» іс-шарасы қорытындыланды

Жамбыл облысында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізілген пысықтау жұмыстары апаттылықты төмендетуге, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің мәдениетін арттыруға, жол қозғалысын бақылау мен қадағалауға бағытталған.

7-11 маусым аралығында облыс аумағында «Автобус» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында көліктік бақылау инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен және өзге де мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп, полиция қызметкерлері жолға шығар алдында қалалық автобустардың техникалық жай-күйін, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының бар-жоғын тексеруді жүзеге асырды.

Іс-шараны өткізу кезеңінде облыста қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 132 дерегі анықталды.

– Оның ішінде 155 автобус жүргізушісі маневр жасау ережелерін бұзған, 156 жүргізуші көлік қозғалысы жағдайында телефонды пайдаланған. Жылдамдық режимін арттырудың- 156 дерегі, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың -16 дерегі, көлік құралын заңсыз қайта жабдықтаудың – 22 дерегі және жолаушыларды сақтандырусыз тасымалдаудың 35 дерегі анықталды. Сонымен қатар, техникалық ақаулары бар автокөліктерді жұмысқа қосқаны үшін автобус парктерінің 14 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 11 автобус айып тұрағына қойылды, – деді Жамбыл облысының ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Құттыбаев Жайдар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру