Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Келімсек” іс-шарасының нәтижелері: Алматыда 300-ден астам шетелдік заңсыз тұрған

Алматыда 300-ден астам шетелдік заңсыз тұрған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында Алматы қаласында 7-16 маусым аралығында “Келімсек” жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

– Сонымен қатар бұл іс-шара шетелдіктердің біздің елдегі құқықтық мәртебесін реттеуге бағытталған. ЖАІ нәтижелері бойынша шаһарда 1 977 көші-қон заңнамасын бұзушылар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 112 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 1 402 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін отандастарымыздың ішінен 514 қабылдаушы жауапкершілікке тартылды. ҚР шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 61 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар спикер іс-шара нәтижелері бойынша ПД-нің қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 307 шетелдік азаматтың орнатылғанын атап өтті. Сондай-ақ заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырудың үш фактісі анықталды және тіркелді. Іздеуде жүрген 16 адам ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру