Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда кафеде шу көтерген екі әйел анықталды

Таразда кафеде шу көтерген екі әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласындағы дәмханалардың бірінің жазғы алаңында болған екі белгісіз әйел қоғамдық тәртіпті бұзумен қатар, бұзақылық ниетпен облыс орталығының екі тұрғынына дене жарақатын салған, содан кейін оқиға орнынан белгісіз бағытта қашып кеткен.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі 1-тармағы (Адамдар тобында жасалған бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін 33 жастағы екі әйел ұсталып, өз кінәларын мойындады. Сондай-ақ аталған дерекке қатысты бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша кафе қожайынын әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты СЭС-ке материал даярлануда

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру