Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда ер адамнан 2 келі есірткі заты тәркіленді

Жамбылда ер адамнан екі келі есірткі заты тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 2 мамырда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының құмға жақын аймағында Шу қаласының 47 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамнан қара полиэтилен пакетке салынған салмағы екі келі «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

– Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысқа қатысты үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деп сөзін түйіндеді Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру