Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмды

Ақтөбеде Нұрғасыр мешітіне қарсы жолда болған жол-көлік оқиғасы адам өліміне әкеп соқты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Shacman жүк көлігінің жүргізушісі Әбілқайыр хан даңғылымен Нұрғасыр мешітіне қарама-қарсы жүріп, қиылыстан тыс солға бұрылған кезде қарсы көлік құралдарына жол бермей, BMW көлікгімен соқтығысуға жол берді. Соқтығысудан жүк көлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, жаяу жүргіншілер жолымен жүріп келе жатқан БҚО-ның 32 жастағы тұрғынын қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, ал BMW автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

– Жол-көлік оқиғасының негізгі себептері – менмендік және жол қозғалысы ережелерін елемеу. Бұл жол апатының салдарынан өз бағытымен жаяу жүргіншілер жолымен кетіп бара жатқан кінәсіз әйел көз жұмды.
Осыған байланысты жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы шақырамын, сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден ешбір кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін, – деді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру