Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушілер ұсталды

Жамбылда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жол-көлік оқиғасының санын азайту, сондай-ақ Жамбыл облысының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарының алдын алу мақсатында мереке күндері мас жүргізушілерді анықтау бойынша жергілікті жұмыстар жүргізілді. Бекітілген жол учаскелерін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған алты жүргізушіні анықтады. Осы санаттағы бұзушылардың жалпы санынан екі адам мас күйінде көлікке қайта отырған.

24 қазанда сағат 12:00 шамасында Қаратау қаласындағы шағын аудандардың бірінің аумағында патрульдік полиция қызметкерлерімен 36 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Toyota Camry автомашинасы тоқтатылды. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Ер адамның мас күйінде көлік жүргізгенін медициналық куәландыру да көрсетті. Тексеру кезінде жүргізушінің 2021 жылдың желтоқсанында сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылғаны анықталды.

Осыған ұқсас қылмыс 25 қазанда Жуалы ауданында да тіркелді. Mercedes автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі медициналық қорытындыға сәйкес жеңіл мас күйінде көлік жүргізген.

Аталған деректер бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру