Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда қоғамдық орында төбелескен екеу бейнебақылауға түсіп қалды

Атырауда қоғамдық орында төбелескен екеу бейнебақылауға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

26 қазан күні сағат 01:05 шамасында Вокзал маңы мөлтек ауданында орналасқан алкомаркеттердің бірінің алдында белгісіз екі ер азаматтың төбелесіп жатқандығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұны байқаған Жедел басқару орталығының қызметкерлері дереу жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Бағыттама бойынша оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері 28 және 27 екі қала тұрғынын анықтады. Медициналық сараптаманың қорытындысымен екі азаматың “жеңіл дәрежелі” масаң күйде екендігі белгілі болды.

Аталған дерек бойынша 29 және 28 жастағы азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімімен (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 29 жастағы азаматқа 15 315 теңге көлемінде айыппұл, ал 28 жастағы азамат 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру