Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда ПД бастығы облыс аудандарына барып, тұрғындарды қабылдады

Жамбылда ПД бастығы облыс аудандарына барып, тұрғындарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы gолиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин Жуалы ауданына қызметтік сапармен барды.

Арманбек Хакимбекұлы кездесу барысында бүгінде ішкі істер органдарына ауқымды міндеттер қойылғанын, оның ішінде полицияның қоғаммен өзара тиімді байланысы алдыңғы қатардағы талаптар екенін атап өтті. Бұл диалогты құру маңызды.

Сондықтан, бірінші кезекте ПД бастығы аудан тұрғындарымен кездесті. Жеке қабылдауға 10-нан астам тұрғын келді.

Келіп түскен өтініштерді барынша толық қарау үшін қабылдауға аудандық полиция бөлімінің бастығы мен оның орынбасарлары қатысты.

Азаматтар ПД бастығына қылмыстық істерді тергеу, азаматтық алу, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар сынды түрлі мәселелер бойынша жүгінді. Қабылдау барысында түскен барлық мәселелерді ПД бастығы бақылауға алды, олардың басым бөлігі кездесу барысында шешілді.

Соңғы бірнеше аптада ПД бастығы облыстың он ауданының төртеуінде осындай форматта кездесулер өткізді. Мұндай іс-шаралардың басты міндеті – полиция жұмысының ашықтығы, сервистік модель қағидаттарын іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы азаматтардың пікірін зерделеу.

– Біздің жұмысымыздың басты бағыты – жергілікті халықтың проблемалары. Тұрғындармен осылай тікелей сұқбаттасу арқылы мәселелердің тез арада заңды шешу жолдарын бірге анықтаймыз. Азаматтардың пікірін тыңдап, қазіргі уақытта халықты алаңдатып отырған жағдайлар туралы біле аламыз»,-деп атап өтті кездесу соңында Арманбек Баймурзин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру