Жамбылда тұрғынның көлігінен гашиш табылды
Жамбылда тұрғынның көлігінен гашиш табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл ауданының 44 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mercedes Benz автокөлігін тоқтатты.
Тексеру барысында одан гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Ұсталған азаматтың жұмыс орны бойынша тінту жүргізу кезінде де есірткі тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған гашиш есірткі затының жалпы салмағы 856 грамнан асады.
Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
– Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді облыстың ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.