Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысындағы кинологиялық қызмет орталығында балаларға экскурсия ұйымдастырылды

Абай облысындағы кинологиялық қызмет орталығында балаларға экскурсия ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінің балансында 22 қызметтік-іздестіру иттері бар.

Олардың үшеуі есірткі заттарын іздеумен, үшеуі жарылғыш заттарды іздеумен айналысса, он екісі іздеуші иттер және біреуі күзетші.

Балалар қылмыстарды ашуға төрт аяқты полицейлердің қалай қатысатынын, оқыту мен дағдыларды бекіту тәсілдері туралы ақпараттар алды.

Абай облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жасөспірімдер арасында нашақорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі іс-шараны өткізудің ерекше форматын таңдады.

Сондай-ақ, балалар оқу процесіне жеке қатысуға да мүмкіндік алды.

Аталған іс-шара кәсіптік бағдар беру мақсатында, полицияның жұмысымен жақынырақ танысу үшін, қызметтік иттердің қалай және не үшін дайындалғанын білу үшін өткізілді.

Оқушылардың көкейлерінде көптеген сұрақтар туындады. Жануарлардың “ізді қалай алатынын” білу бәріне қызықты болды. Кинологтар оқытудың қыр-сыры туралы айтып, оны іс жүзінде көрсету үшін есірткі иісінің имитаторын өздері жасырып қойды. Дана есімді лабрадор бірден “қойып кеткен есірткі затын” тауып алды. Содан кейін балалардың көз алдында Джон овчаркасы кинологтармен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.

Экскурсияны өз көздерімен көрген балалалар “Төрт аяқты сақшылардан” жасыруға да, жасырынуға да болмайды деген тұжырымға келді.

Тәртіп сақшылары мұндай іс-шараларды жас ұрпаққа “есірткіге қарсы иммунитетті” қалыптастырудың бір әдісі деп атайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру