Жамбылда ұрланған 100-ден астам қой тез табылды
Жамбылда 122 бас қой ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 5 тамызында Т. Рысқұлов АПБ-не осы ауданның 42 жастағы тұрғынынан фазендасынан 122 бас қой малы жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Келтірілген жалпы шығын көлемі 4 млн. 880 мың теңгені құрайды.
Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының барысында фазендадан 15 шақырым құм жиегінен 109 бас малы табылып, иесіне қолхатпен қайтарылды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысы бар Т.Рысқұлов ауданының 46 жастағы тұрғыны анықталды.
Оған қоса, күдіктінің 41 жастағы сыбайласы бар екендігі белгілі болып, қазіргі таңда іздестірілуде. Ол Қырғызстан Республикасының азаматы. Сондай-ақ, ЖІШ нәтижесінде қалған 13 бас қой Луговой ауылы маңынан табылып, иесіне қолхатпен қайтарылды.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.