Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жайылымнан қой ұрлаған ақтөбелік қолға түсті

Ақтөбе облысы Қобда ауданының Тікқайың ауылында мал ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 шілде күні таңертең 1974 жылы туған Тікқайың ауылының тұрғыны 1991 жылы туған жергілікті тұрғынға тиесілі екі қойын ауылдан екі шақырым жерде еркін жайылымнан ұрлап кеткен. Шығын 80 мың теңгені құрады. Ұрланған мал тәркіленді, күдікті ұсталды.

Ақтөбе облысының ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, барлық мал басын ауылдық әкімшіліктерде есепке қою, әр мал басы таңбалануы қажет.

– Елді мекендерде жайылымда жүретін малдарды қараусыз қалдырмау керек. Малды табындарға қосса, ауыл тұрғындары ең алдымен мал ұрлығының алдын алады. Егер бірнеше қарапайым ережелерді сақтасаңыз, онда сіз өз мүлігіңізді немесе мал басын айтарлықтай қауіпсіздендіре аласыз. Мысалы, ешбір жағдайда қараусыз малды жайылымға жібермеңіз, өйткені алқапта немесе жайылымда иесіз жайылып жүрген сиыр барымташылардың оңай олжасы болмақ, – деді Ақтөбе облысының ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Полиция департаменті жеке ауласы мен ірі қара малы бар азаматтарды мал ұрлығының алдын алу мақсатында барлық қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады. Атап айтқанда, жеке малдарды жайылымдарға беру немесе жеке аулада ұстау қажет, өйткені қараусыз қалған жануарлар көбінесе ұрылар мен алаяқтардың пайдасына айналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру