Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда ЖКО саны 17,4 пайызға көбейді

Жамбылда жол-көлік оқиғаларының саны 17,4 пайызға көбейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов облыстық Полиция департаментінде «Nurline» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков, «ҚазАвтоЖол» ҰК»  АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Дәурен Төлтаев қатысты.

«Nurline» компаниясының өкілдері жол қозғалысы ережелерін бұзуды бейнетіркеу жүйесінің тұсаукесерін өткізді.

Жанат Сүлейменов мұндай жүйелерді орнату жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін жақсартуға, өңірдегі апаттылық көрсеткіштерін төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

⁃ Бұл мәселе біздің өңір үшін өзекті, өйткені облыс аумағы арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының учаскесі өтеді, ол арқылы ондаған мың транзиттік автокөліктер өтеді, – деді Жанат Сүлейменов.

Статистика көрсеткендей, көптеген апаттардың себебі адами факторы болып табылады. Мәселен, ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша облыста жол-көлік оқиғаларының саны 17,4 пайызға көбейді. Олардың ішінде жүргізушілердің кінәсінен болған жол-көлік оқиғаларының саны 15,7 пайызға, ал транзиттік көлік жүргізушілерінің қатысуымен  74,4 пайызға артқан.

– Бұл бағытта жамбылдық полицейлер профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Сондай-ақ талдау жүргізіліп, жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларды енгізу арқылы мәселені шешудің түрлі әдістері қаралды, – деп атап өтті Жанат Сүлейменов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру