Қазақстан полициясы күні: Алматының ең үздік тергеушісі өзінің егіз ағасымен не үшін бір мамандықты бөлісетінін айтты
Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының тергеушісі, полиция капитаны Руслан Байрамов ішкі істер органдарында алтыншы жыл қызмет етіп келеді. Ол бүгінде Алмалы АПБ-да анықтаушы болып жұмыс істейтін егіз ағасы Бесланмен бірге азаматтардың құқығын қорғау үшін полиция қатарына қосылды.
– Жалпы, мен кішкентай кезімде көптеген ұлдар мен қыздар сияқты полиция қызметкері болуды армандадым. ЖОО-да оқып жүргенде полиция қызметкері болғым келетінін, тергеуші мамандығын таңдағым келетінін түсіндім. Тергеушінің жұмысы өз алдына өте жауапты және күрделі, ол әр қылмыстық іске мұқият болуды, тапқырлықты, тактикалық және аналитикалық көзқарасты қажет етеді. Тергеушінің жұмысы процессуалдық шешім қабылдағанда төзімділікті, батылдықты және шыдамдылықты талап етеді, – деді капитан Байрамов.
Руслан мен Беслан 29 жаста. Олар кәдімгі алматылық отбасында дүниеге келді, онда ешқашан ешкім ішкі істер органдарында жұмыс істемеген. Жастар мақсатына нық әрі сенімді қадам басты.
– Біз ағам екеуміз отбасында бірінші болып полицияда жұмыс істеудеміз. Егер болашақта балаларымыз осы мамандықты таңдайтын болса, біз оларды жан-жақты қолдап, мақтан тұтамыз. Шын мәнінде, қызметтің қиыншылығына қарамастан, әділеттілікке өз үлесімізді қосып, адамдарға көмектескенде ляззат аламыз, – деді Руслан Байрамов.