Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулықтың «жаңа танысы» үйінен құнды заттарды ұрлап кетті

Теміртаулықтың «жаңа танысы» үйінен құнды заттарды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 маусымда 33 жастағы қала тұрғыны Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне хабарласты. Ол көшеде кездесіп, жаңа танысқан белгілі бір адамды үйіне қонаққа шақырған. Бірге алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін, үй иесі ұйықтап қалған. Пәтер иесі оянып, жаңа танысының жоғалғанын, онымен бірге теледидар, ұялы телефон және кабельді теледидар қабылдағышының жоғалып кеткенін анықтады. Келтірілген шығын көлемі 280 мың теңгені құрайды. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

19 маусымда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 28 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру