Жамбылда жыл басынан бері мотокөліктің қатысуымен 2 ЖКО орын алды
Жамбылда жыл басынан бері мотокөліктің қатысуымен екі ЖКО орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңында электр қозғалтқышымен жарақтандырылған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайтын көлік құралы мопедтерге теңестіріледі деп көрсетілген. Оларды тек 16 жастан бастап, шлем және басқа қорғаныс құралдарын қолдана отырып пайдалануға болады. Сондай-ақ велосипедшілер, электросамокат иелері 50 сантиметрден асатын жолаушылар мен жүктерді тасымалдауына болмайды.
Сондай-ақ рульді бір қолмен ұстап жүргізуге тыйым салынады. Жаяу жүргіншілер өткелі бойымен жолды кесіп өтіп, велосипед сияқты жолды жаяу өту керек. Жүріс бөлігінде электр самокаттарының иелері шеткі оң жолақпен бір қатарға немесе егер бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмесе, жол жиегімен жүруге міндетті.
Оларға солға бұрылуға және осы бағытта біреуден көп қозғалыс жолағы бар жолдарда бұрылуға тыйым салынады, міндетті түрде Жол қозғалысы ережелерін және басқа да қозғалыс ережелерін біліп, қатаң сақтау қажет.
– Жыл басынан бері Жамбыл облысында мотокөлік құралдарының қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы орын алды, онда екі адам түрлі дене жарақаттарын алды, қаза тапқандар жоқ, – деп хабарлады ПД ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.