Жамбылда жылдамдықты асыру салдарынан 125 ЖКО орын алды
Жамбылда жылдамдықты асыруға байланысты 125 ЖКО орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың басынан бері облыс жолдарында жылдамдықты асыруға байланысты 125 жол-көлік оқиғасы орын алған, онда 34 адам қаза тауып, 159 адам түрлі дене жарақаттарын алды.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізіп тұрады.
– Жыл басынан бері барлығы 60 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды, оның ішінде жолдарда жылдамдықты арттырған 5 495 көлік жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тек «Арқан» мобильді кешендерінің көмегімен республикалық маңызы бар автожолдарда жылдамдықты арттырудың 20 мыңнан астам дерегі анықталды, – деді ПД ЖПҚБ бастығы Рахымберді Әшкеев.