Жамбылдық полицейлер есірткі қылмысына қарсы күрестің қорытындысын шығарды
Жамбылдық полицейлер 2021 жылдың алғашқы айындағы есірткі қылмысына қарсы күрестің қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2021 жылдың қаңтар айында 77 қылмыстық құқық бұзушылық дерегін анықтады.
18 - есірткі сату, алты - аса ірі көлемде сақтау, бір - есірткі заттарының контрабандасы және 53 - қылмыстық теріс қылықтар дерегі.
Жамбыл облысының ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова: - Заңсыз айналымнан 84 келі түрлі есірткі заттары, оның ішінде 25 келі марихуана, 59 келі астам гашиш, 570 грамнан астам героин және 10 грамм синтетикалық есірткі заттары тәркіленді, - деп нақтылады.