Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алуда

Петропавл полицейлері әр подъезге жадынамалар іліп, тұрғындарды сақ болуға шақыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбы бойынша онлайн-брифинг өткізді. Тікелей эфир “Facebook” және “Instagram” ведомстволық парақшаларында көрсетілді. Полицейлер интернет-алақтардың кеңінен пайдаланатын айла-амалдарына түсіп қалмау жолдары туралы айтып, қолданушылардың сұрақтарына жауап берді. 

Жыл басынан СҚО аумағында 70 алаяқтық тіркелген, оның 60-ы интернет-алаяқтық. Жедел уәкілдер цифрлық технологияларды қолданып, қашықтықтан жасалатын алаяқтықты ашу ұзақ уақыт пен көп күш-жігер жұмсауды қажет ететіндігін атап кетті. Сондықтан, интернет-аферистерді іздеу іс-шараларымен қатар, полицейлер криминалдың аталған түрінің алдын алу жұмысын ауқымды түрде жүргізуде.

Жеке жауапкершілік пен қырағылық – онлайн-диалогтың негізгі желісіне айналды. СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климовтың айтуынша, талдау бейтаныс адамдарға құпия сөздерді, кодтар мен басқа да жеке ақпараттарды беру немес бермеу туралы шешімді, түптеп келгенде, карточканың иесі – қарапайым адамның өзі қабылдайтынын көрсетеді.

Петр Климов халықты құпия ақпараттарды ешкімге бермеуге кеңес береді. Қандай да бір қаржы операциясын жасауды талап етіп бейтаныс тұлғадан күдікті қоңыраулар келіп түскен немесе хабар алмасқан жағдайда – банктің call-орталығына немесе банкке тікелей хабарласу қажет.

Сол күні Петропавл қ. Полиция басқармасының қызметкерлері криминалдың бұл түрінің алдын алу бойынша кең ауқымды операцияны бастап кетті. ПБ бастығының орынбсары Думан Сабыржановтың сөзінше, акцияға жүзден астам қызметкер тартылды. Криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметі бөліністерінің қызметкерлері әкімшілік учаскелердегі аулалар мен подъездерді аралауда. Тәртіп сақшылары подъездерге жадынамалар жапсырып, тұрғындарға буклеттер үлестіріп, ең осал топ – зейнеткерлермен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жадынамалардың 10 мың данасы әзірленді, профилактикалық акциялар барысында облыс орталығының барлық шағын аудандарын қамту жоспарлануда.

– Солтүстікқазақстандықтарды әлеуметтік желілерде және мессенджерлер чаттарында интернет-алаяқтықтың алдын алу туралы ұсынымдарымен бөлісуге шақырамыз. Криминалдың бұл түрі туралы егде тартқан туыстары мен көршілерін ескерту қажет. Интернет-алаяқтармен байланысқан кезде шешім қабылдауға асықпау, банкке тексеру үшін қоңырау соғу, қандай жағдай болмасын, жеке мәліметтеріңізді айтпау не жолдамау маңызды екендігін естеріңізге саламыз, – дейді Думан Сабыржанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру