Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдың республикалық маңызы бар көлік жолдарында 2,5 мыңға жуық ЖҚЕ бұзу дерегі анықталды

Жамбыл облысының республикалық маңызы бар көлік жолдарында бір аптада 2,5 мыңға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ескерту, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында Жамбыл облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен қызмет көрсетілетін Жамбыл облысының республикалық маңызы бар автожолдарында жол қозғалысы ережелерін бұзушылық деректері анықталды. Бір апта ішінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзушылыққа қатысты 948 әкімшілік хаттама толтырды.

– Мәселен, жол қиылысынан өту ережелерін бұзғаны үшін 51 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 42 азамат қауіпсіздік белдігін тақпай, көлікті басқарғаны үшін айыппұл төлейді, ұялы телефонмен сөйлесіп, көлік жүргізгені үшін 39 адам. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама 36 жаяу жүргіншіге қатысты толтырылды», – деп атап көрсетті Жамбыл облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Серғазы Әбдіқұлов.

Сондай-ақ 45 жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал үш жүргізуші мас күйінде көлік басқарып, жолға шыққан. «Аркан» мобильді кешендерімен жылдамдық режимін арттыруға қатысты 1486 дерек анықталды. Айып тұрағына 6 көлік құралы қойылды.

Сондай-ақ Жамбыл облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мал ұрлығымен байланысты қылмыстардың алдын алуға және көрсеткіш деңгейін төмендетуге бағытталған тәжірибелік шаралар қабылдауда.

Меркі ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында тиісті құжаттарсыз мал тасымалдаған екі жүргізуші анықталды. Екі көліктің тіркемелерінде барлығы 50 қой мен бір бас жылқы болған.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны жол қозғалысының барлық қатысушыларына Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Жолдағы қарапайым ережелер мен мінез-құлық нормаларын бұзу арқылы сіз өз өміріңізге қауіп төндіресіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру